+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Анар Жайылғанова мемқызметшілерге үндеу жолдады

2020 жылғы 18 наурыз 12:08
Бөлісіңіз:
Анар Жайылғанова мемқызметшілерге үндеу жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік орган басшылары қызметшілердің денсаулығын және күнделікті қызметтерді толыққанды орындау қабілетін сақтауға жағдай жасауы тиіс. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшілер үйден жұмыс істеуі үшін қандай шаралар атқарылды Қашықтан жұмыс істейтін мемқызметшілер тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеуі тиіс - Анар Жайылғанова Анар Жайылғанова: Мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеуі керек

«Осы кезеңде біздің отандастарымыздың жайлылығы мемлекеттік органдарға байланысты. Алайда, қазір мемлекеттік мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтауға көңіл бөлу де өте маңызды. Осыған байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан өз міндеттерін күнделікті және адал орындап жүрген мемлекеттік қызметшілерге үндеу жолдағым келіп отыр», - деді Анар Жайылғанова.

Осы ретте агенттік төрайымы мемлекеттік қызметшілерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирустық инфекциясының алдын алу жөніндегі ұсынымдарын қатаң ұстауға шақырды.

«Гигиена ережелерін сақтау әріптестеріңіздің және азаматтарымыздың арасында COVID-19 таралмауына көмектеседі. Қалыптасқан жағдай коронавирустық инфекцияның таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты мемлекеттік орган басшыларын мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын және күнделікті қызметтерді толыққанды орындау қабілетін барынша сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасауға шақырамыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT