Анар Жайылғанова: Мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ммлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеуі керек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавиурс пандемиясын жариялауына және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуіне байланысты мемлекеттік аппаратқа халық тыныс-тіршілігінің барлық саласының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Бүгін біз жаңа талаптар жағдайында барынша бірлесе отырып, алдын ала әрекет етуіміз қажет. Бұған бізді Мемлекет басшысы шақыруда. Бұл күндері азаматтарымыздың халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей қажетті көрсетілетін қызметтер көлемін алуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеуі керек», - деді агенттік басшысы.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша мемлекеттік органдардың белсенді қызметінің арқасында азаматтар үйден шықпай-ақ электронды түрде 80 пайыздан астам мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.

«Бұл ретте азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуы, соның ішінде өтініштерді мемлекеттік органдардың Call-орталықтары және ойнлайн арқылы қабылдау үшін ақпараттық жүйелер мен порталдардың үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аудару қажет», - деді Анар Жайылғанова.


Соңғы жаңалықтар