Әнді жанды дауыспен айтқан дұрыс – Нұрлан Нығматулин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнді жанды дауыспен айтқан дұрыс. Мұндай пікірді Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, нағыз өнер ол – айтыс. Айтысқа фонограммамен шығып көріңізші. Онда ешқашан, ешқандай фонограмма болмайды. Сол үшін шығар, халқымыз осы айтысты жақсы көреді. «Қисық арба жол бұзады» деп халқымыз айтқандай, өнер әрқашан да таза болуы керек. Әнді жанды дауыста айтқан дұрыс. Ал фонограмма болса, онда оны алдын ала ескерту қажет және билеттің бағасы да соған сәйкес болуы тиіс. Одан кейін халық ол концертке баратынын не бармайтынын өзі шешеді. Әрине, концерт жанды дауыста болса әншіге халықтың бағасы да құрметі де жоғары болады», - деді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік, жалпы отырыста ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасын таныстырған болатын. Құжатта музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарлауы туралы норма көзделген.


Соңғы жаңалықтар