Android гаджеттеріндегі қосымшаларда ақау шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіл әлемде Android қолданушыларының гаджетіндегі қосымшалар жұмысындағы жаппай іркіліс пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Google-дің Twitter парақшасында Webview жұмысындағы іркіліс Android қолданушыларда қосымшалардың жұмысында кедергі пайда болғандығын хабарлады.

«Қазіргі уақытта кемшілік жойылды. Егер сізде қосымша жұмысына қатысты қиындықтар туындап жатса, онда Google Play арқылы Android System WebView және Google Chrome-ды жаңартуыңызды өтінеміз», - деді Google қолданушыларға.

Айта кетейік, Android бағдарламасымен жабдықталған смартфон қолданушылар телефондағы қосымшалардың іркілеспен жұмыс істеп тұрғанын айтып шағымданған болатын. Яғни, бір сәтте смартфондағы клиент поштасы, банкинг және Google Paу сынды қосымшылар жұмыс істемей қалды.


Соңғы жаңалықтар