Анкарада түркі елдері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Анкарада түбі бір түркі елдері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Бақытжан Омаровтың айтуынша, аталған ұйымның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған концерт Түркия Президенті симфониялық оркестрі залында өтті. Мәдени іс-шараға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері және бауырлас елдердің Түркиядағы елшілері қатысты.

«Алғашқы болып Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі Бейбіт Мұсаев қазақтың домбырасын күмбірлетті. Кейін ұлттық аспаптармен бауырлас елдердің танымал әндері орындалды. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстанның танымал дирижерлері онлайн форматта концерт беріп, көпшіліктің қошеметіне иеленді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар