+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

«Аңсаған сәби»: СҚО-ға ЭКҰ жасатуға квотаның рекордты саны бөлінді

2021 жылғы 21 сәуір 17:22
Бөлісіңіз:
«Аңсаған сәби»: СҚО-ға ЭКҰ жасатуға квотаның рекордты саны бөлінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Биыл Солтүстік Қазақстан облысына бедеулік бойынша есепте тұрған ерлі-зайыптыларға «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 208 квота бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Аңсаған сәби»: Жыл басынан бері 526 отбасыға көмек көрсетілді

СҚО көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық директоры Елена Калюжнаяның айтуынша, облыста бала көтере алатын, яғни 18 бен 49 жастағы 125 мың әйел бар. Алайда сәби сүю бақыты бәріне бірдей бұйырмаған. 978 ерлі-зайыпты бедеулік бойынша орталықтың есебінде тұр.

«Өткен жылдары көп дегенде 25-28 квота алатынбыз. Салдарынан ұзын-сонар кезек болатын. Биыл Президенттің тапсырмасынан кейін «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында облысқа 208 квота бөлінді. Бұл медициналық тексерістен өтіп, есепке тұрған ерлі-зайыптыларға беріледі. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жанынан комиссия құрылған. Солар арқылы репродукция орталығына квота-жолдама алады», - дейді Елена Калюжная.

СҚО-да комиссия жыл басынан «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 65 квотаны беріп, ерлі-зайыптылар орталықтарға аттанды. Олардың 25-імен мамандар жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа тағы 100-ге жуық жұп медициналық тексерістен өтіп, қажетті анализдерін тапсырып жатыр. Жалпы Қазақстанда 24 репродукция орталығы бар. Жұптар өздеріне ұнаған орталықты таңдай алады.

«Квотаны бізде есепте тұрғандардан басқа жаңа үйленіп, 1-1,5 жыл бойы бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар да ала алады. Ол үшін келіп өтініш жазулары қажет. Олар барлық сараптаманы тегін, өздерінің емханаларында жасата алады. Қорытындысын алып бізге келеді, комиссия өтінішті қарап, квотаны береді», - дейді орталық директоры.

Алайда экстракорпоралды ұрықтандыруды жасатуға қарсы медициналық көрсетілімдер де бар екен.

«Коронавирус анықталса, кез келген инфекциялық ауру, туберкулез болса – ондай әйелдермен жұмыс істеуге тыйым салынған. Бірақ ауру емделеді ғой, белгілі бір уақыт өткеннен кейін қайта өтініш беруге болады. Жүрек ақауы болса, ол адам да ЭКО-ға қатыса алмайды.

Сондай-ақ квота алған ерлі-зайыпты осы бір жылдың ішінде нәтижесін көрмесе, келесі жылы қайта өтініш беруге құқығы бар. Бірінші баласын туып, уақыт өте келе екіншісін көтере алмай жүрген әйелдер де бағдарламаға қатыса алады», - дейді Елена Калюжная.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT