Антарктикада температура алғаш рет 20 градустан жоғары көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Антарктикада температура алғаш рет 20 градустан жоғары көтерілді, деп хабарлайды The Guardian бразилиялық ғалымдарға сілтеме жасап.

20,75 градусқа жеткен рекорд 9 ақпанда Сеймур аралында тіркелген. Басылымның атап өтуінше, рекорд үрдісті растап отыр: суық құрлықтағы және жақын маңдағы аралдардағы жылымық әлдеқайда тез болып жатыр.

Эсперанса аргентиналық ғылыми-зерттеу стансасы 6 ақпанда Антарктидада метеобақылау тарихында алғаш рет ең жоғары температураны тіркеді. Ол 18,3 градус нөлден жоғары болған.


Соңғы жаңалықтар