Антикор қызметі мұнай, қаржы және құрылыс салаларын айналып өтуде - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы Қазақстан Transparency International рейтингінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) бойынша 180-нен 102-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Transparency International - сыбайлас жемқорлықты зерттеу және оған қарсы күрес жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым. 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша 0 - сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, ал 100 - жемқорлықтың жоқтығын көрсетеді. Қазақстан 37 балл жинады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 балға төмен.

Бірден үш ел жетекші орынға ие болды: Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия, олар 88 ұпай жинады. ТОП-10 елдің қатарына Норвегия, Сингапур және Швеция (85 баллдан), одан кейін Швейцария (84 балл), Нидерланды (82 балл), Люксембург (81 балл) және Германия (80 балл) кірді.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Армения (58-орын және 49 балл) және Беларусь (82-орын және 41 балл) позициялары жақсы. Қалған елдерде сыбайлас жемқорлық деңгейі ҚР-ға қарағанда жоғары. Атап айтқанда, Украина 122-орынды (32 балл), ал Ресей 136-орынды (29 балл) иеленді. Көршілес Өзбекстан (28 балл) және Қырғызстан (27 балл) сәйкесінше 140 және 144 орынға шықты.

2021 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде 11 балмен ең соңғы 180-орынды Оңтүстік Судан иеленді.

Transparency International мәліметтері бойынша, ҚР-да мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың 17%-ы соңғы 12 айда пара берген. Салыстыру үшін: Беларусьте бұл көрсеткіш тек 15%-ды құрады, ал Украина мен Ресейде — сәйкесінше 23% және 27%.

Айта кету керек, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны бір жылдың ішінде төрттен бір есеге артты.

2021 жылдың соңында қазақстандықтардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенім деңгейі шамалы болса да өсті: бұл қызметке сенуге болады деген пікірмен толық келісетіндердің үлесі бір жыл ішінде 24,5%-дан 25,1%-ға дейін өсті, Ал бұл пікірмен келіспейтіндердің үлесі бұрынғыша қалды - 1,8%.

Transparency International атап өтуінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз назарын ауыл шаруалышығы және денсаулық сақтау саласына аударған. Ірі салалар, соның ішінде мұнай-газ, қаржы және құрылыс салаларына көңіл бөлмей келеді.


Соңғы жаңалықтар