USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Антқа деген адалдық: Ақтөбеде әскеридің әрекеті жұртты тәнті етті

2022 жылғы 14 қаңтар 18:05
Бөлісіңіз:
Антқа деген адалдық: Ақтөбеде әскеридің әрекеті жұртты тәнті етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде жаппай тәртіпсіздіктер барысында белсенділердің өз қызметін атқарып тұрған сарбазды үгіттеп жатқаны туралы видео тарады. Әлгі видеода Ұлттық ұлан сарбазының үгітке көнбей, антына берік болғаны көрсетілген. Жұртты тәнті еткен бұл әскери - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 6655-әскери бөлімінде лейтенант Ұлан Мырзабай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы тұрғындары үйін бұзақылардан қалай қорғап қалғанын айтып берді Қаңтар оқиғасы: Шымкенттік полицей бұзақылардың автобусты өртеуіне жол бермеген ІІМ жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандардың құқығы тапталмайтынын мәлімдеді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтанов мәлім еткендей, Ұлан Мырзабайға қатысты оқиға Ақтөбе қаласында болды.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбаны 190 мыңға жуық адам қарап, 700-дейі әскери қызметшіні қолдап, пікір жазған. Анықталғанындай, бейнежазба 5 қаңтар күні Ақтөбеде түсірілген болып шықты.

Алматы облысы Қапшағай қаласының тумасы Ұлан Мырзабай Ұлттық ұланда 2017 жылдан қызмет етіп келеді екен.

Сол күні олар заңсыз митингі кезінде Ақтөбе облысы әкімдігі алдындағы алаңда алдыңғы шепте тұрған.

Ұ.Мырзабайдың сөзіне қарағанда, бастапқыда бәрі тыныш болған. Бұлар митингіге қатысушылардың өз талап-тілектерін білдіруіне қарсылық етпеген, қайта қорғап тұрған. Алайда кейбіреулері тәртіп бұза бастаған.

«Қолдарында тас, таяқ, арматура және Молотов коктейлі болды. Алдыңғы шепте тұрған маған бірнешеуі жақындап келіп, видеоға түсіріп, мені өз жақтарына шығуға үгіттеді. Бірақ мен бұйрықтың аты бұйрық екендігін айтып, әскери антыма адалдықтан айнығаным жоқ. Еліміз бізге сенді. Сол сенімнен шығудан, Отанды қорғаудан артық абырой жоқ», деді Ұлан Мырзабай.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын қақтығыс кезінде жараланған жауынгердің шептен шықпағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT