АӨІСШК Ғұламалар кеңесі құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Ғұламалар кеңесі құрылды. Мұндай шешім Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғұламалар кеңесін құру туралы құжат қабылданды. Құрметті әріптестер! Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің жаңа институтының құрылуымен құттықтаймын. Бұл - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоса алғанда АӨІСШК-ні дамытумен байланысты сұрақтардың кең ауқымы бойынша маңызды кеңестер беретін, АӨІСШК қызметінің мұнан арғы бағыттары мен басымдықтары ретінде сенім шараларын жүзеге асыратын консультативтік орган. Қазақстан осы шешімдердің барлығын жедел жүзеге асыруға кірісуге дайын», - деді кездесуге төрағалық еткен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынғанын хабарлаған едік.

«Келесі құжат – бұл Ғұламалар кеңесі туралы құжат. Біз оны бүгін қабылдауымыз қажет. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдады және қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттарды ұсыну басталып кетті. Бүгін біз Ғұламалар кеңесі туралы ережені бекітетін боламыз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін», - деген еді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.



Соңғы жаңалықтар