АӨІСШК Ғұламалар кеңесін оның негізін қалаушы басқарғаны дұрыс - Қайрат Сарыбай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АӨІСШК Ғұламалар кеңесін кеңестің негізгін қалаушы басқарғаны дұрыс. Мұндай пікірді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, АӨІСШК Сыртқы істер министрлерінің бүгін өткен 6-шы кездесуі барысында Ғұламалар кеңесін құру туралы шешім қабылданған болатын.

Сонымен қатар осы кездесуде аталған кеңестің басшысы лауазымына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылған еді.

БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында Қайрат Сарыбай Елбасының кандидатурасына қатысты пікір білдіріп, процедура нәтижесі қашан белгілі болатындығы айта алмайтындығын жеткізді.

«Ұсыныс берген тарап хатшылықтан мерзімін белгілеуді өтінуіне байланысты. Сондықтан бұл көп уақытты ала қоймас. Өйткені, пікірталас барысында, сөз сөйлеулер кезінде көпшілік бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Меніңше, Ғұламалар кеңесін оның негізін қалаушының басқарғанынан артық ақылға қонымды әрі дұрыс шешім болмақ емес», - деді Қайрат Сарыбай.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 47-сессиясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы бастама жасаған болатын.


Соңғы жаңалықтар