Аптап ыстық, дауыл, найзағай: Төрт өңірде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 мамырда Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Күндіз 25 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде және Атырау қаласында солтүстік және солтүстік- шығыстан соғатын жел қарқыны 15-20 м/с болады.

25 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік- батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы - кей жерлерде 15-20 м/с.

Күндіз кей жерлерде 40 градус аптап ыстық болады.

25 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. 25 мамырда шығыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде - 25 м/с дейін күшейеді.


Соңғы жаңалықтар