Әр өңірде цифрлық фермалар құрылады - Өмірзақ Шөкеев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде елімізде алдыңғы қатарлы цифрлық технологиялар енгізілген үш ірі ауыл шаруашылығы полигоны жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі күні цифрлық технологияландыру деңгейі бойынша Қазақстанның фермалары үш түрге бөлінеді: базалық, алдыңғы қатарлы жəне цифрлық. "Енді базалық жүйедегі ферма алдыңғы қатарлы, ал алдыңғы қатарлы тиісінше цифрлық жүйеге көшуі тиіс. Осындай кезең-кезеңімен көшіру бағдарламасы əзірленді,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі  Өмірзақ Шөкеев.

 Оның айтуынша, жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыруда  əр өңір әкімдігіне нақты тапсырма беріледі. Цифрландыру жолында əкімдіктер фермерлерге мемлекет тарапынан субсидиялау мен қолдау көрсетуі тиіс. "Еліміздің əр ауданында цифрлық ферма құратын боламыз жəне бұны əрбір əкімдіктен талап ететін боламыз. Яғни, əрбір фермер цифрландыру туралы біліп қана қоймай өз шаруашылығында қолдануы тиіс. Біз осы бағытта бүгінде еліміз бойынша үш үлкен полигон құрдық ол- Қаскелең агропаркі (Алматы облысы), Шортандыдағы (Ақмола облысы) А. Бараев атындағы институт базасындағы аргопарк жəне Заречный агропаркі (Қостанай облысы)", - деді министр.

 Сонымен қатар егін шаруашылығын ілгерілету мақсатында дəлме-дəл егіншіліктің әлемнің көптеген елдерінде қолданылатыны, ал ол өз кезегінде өнімді арттырып қана қоймай, шығынды да азайтатынын айтып өтті.

Еске сала кетсек, дəлме-дəл егіншілік тақырыбына арналған конференция барысында Ө.Шөкеев ауыл шаруашылығы саласы ғалымдарын сынға алған болатын.  

Соңғы жаңалықтар