Әр жексенбіде Ақтөбедегі ірі сауда үйлері жұмысын тоқтатады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды. Енді жексенбі күндері және мерекеде сауда үйлері жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сай конференция, көрме, форум, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды өткізуге болмайды.

Караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клуб, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, аттракциондар, батут, кинотеатр, букмекерлік кеңсе және лото-клубтардың қызметтеріне шектеу жалғасады.

Балабақшаларда тек кезекші топқа рұқсат берілген. Фудкорт, банкет залдарының қызметі шектелді.

Ал сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлар жексенбі және мереке күндері жабылады.

«Маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілді. Театрлардың қызметі тоқтамайды. Тек адам саны сыйымдылықтың 50 пайызынан аспауы тиіс. Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді. 50 адамға қызмет көрсетуге рұқсат. Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар сағат 09:00- 18.00 аралығында ғана жұмыс істейді. Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметі 10:00-21:00 аралығын қамтиды. Ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орынға сағат 10:00-ден 00.00-ге дейін рұқсат. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне жұмыс істеуге рұқсат. Бірақ әлі де 50% қашықтан жұмыс істеуі тиіс» деп жазылған қаулыда.


Соңғы жаңалықтар