+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Архимед Мұхамбетов 21 көпбалалы анаға құрмет көрсетті

2020 жылғы 6 наурыз 22:24
Бөлісіңіз:
Архимед Мұхамбетов 21 көпбалалы анаға құрмет көрсетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов көпбалалы аналармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында қандай шектеу шаралары енгізілді Қостанай облысында 291 адам карантинде жатыр Қостанайда коммуналдық тарифтер төмендеді

Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде әйелдердің аумақ өміріндегі рөлін атап өтті.

«Әйелдер мерекесі қарсаңында өздеріңізді құттықтағымыз келеді. Қазақстанда әйелдер мен олардың бастамаларын қолдау бойынша барлық жағдайлар жасалған. Облыстың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріне белсенді араласатын қыз-келіншектердің жетістіктерін мақтанышпен айтамыз. Бүгінде облыс аймағында 6,3 мыңнан астам анаға жоғары марапат көрсетілді», - деді Архимед Мұхамбетов.

Жалпы Қостанай облысында 1588 ана «Алтын алқа» иегері болса, 3469 ана «Күміс алқа» тағынған. Сонымен қатар 1277 адамға 1 және 2 дәрежелі «Батыр Ана» атағы берілген.

Облыс басшысы кездесу барысында 21 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаты ұсынып, бағалы сыйлықтар тапсырды. ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Қостанай облысындағы 47 көп балалы анаға құрмет көрсетіліп, арнайы награда табысталды.

«Кез келген мемлекеттің болашағы – оның саналы ұрпағы. Бүгiнгі бала – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Өмір алма-кезек қой, бүгін көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды мемлекет қолдаса, ертең-ақ сол балалар өзінің туған еліне, Отанына адал қызмет етіп, талмай тер төгеді. Мен бұған сенемін», - деді «Күміс алқа» иегері Айнагүл Қапсабырова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT