Архимед Мұхамбетов: Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарттық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсартылғанын айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина саласы көлемді қаржыландыруды қажет етеді. Ағымдағы жылы қаржыландыру 17,2% өсімімен 86,4 млрд теңгені құрады (2020 жылы - 73,7 млрд теңге). Осы қаражат есебінен 35 денсаулық сақтау объектісі жөнделді. Соңғы жылдары біз медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсарттық», - деді Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, тек соңғы 2 жылдың ішінде 111 санитария автокөлігі, Қостанай қаласындағы емханалардың 4 мобильді бригадасына арналған 4 жеңіл автомобиль, жедел жәрдем қызметі үшін отандық өндірістің 50 реанимобилі сатып алынды.


Соңғы жаңалықтар