Архимед Мұхамбетов: Жергілікті шаруа қожалықтарын дамытуымыз қажет

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ірі ет өңдеу зауыты іске қосылады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жаңа салынып жатқан нысанға барып, құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа зауыт іске қосылса, өңірде 180-нен астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаны бизнесті дамыту институттары қолдады. Мұнда жылына 20 мың тоннаға дейін ет өңделеді. Ауқымды жобаның құны – 5,1 млрд теңге.

«Аталмыш жоба облысқа келіп жатқан ет импортын азайтуға мүмкінлік береді. Негізгі шикізат көзі жергілікті шаруа қожалықтарынан алынады. Сондықтан атқарушы билік қостанайлық шаруалардың ісін дамытуды көздейді», - деді Архимед Мұхамбетов.

Ет өңдеу зауытының әкімшілік-тұрмыстық ғимараты, автокөлік жуатын екі кешені, санитарлық-тұрмыстық ғимараты мен шеберханасы, ет өңдейтін негізгі өндіріс алаңы мен қосымша инфрақұрылымдық нысандары бар. Зауыт құрылғылары Еуропа елдерінен, атап айтқанда, Польша, Ресей, Италия мемлекеттерінен әкелінбек.

Қазір зауыт ғимаратының құрылысы аяқталып, негізгі өндірістік ғимаратта құрылыс-монтаждау жүріп жатыр. Ет өңдеу кешені 2021 жылдың қыркүйек айында іске қосылады.


Соңғы жаңалықтар