Арқалықтағы жылу электр орталығы көмірге ауыстырылады

None
None
АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат – Арқалықта ЖЭО биыл мазуттан көмірге ауысады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімдігінде селекторлық кеңес кезінде өңірдің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта құру» нысанын пайдалануға беру жоспарланған және Арқалық ЖЭО көмірмен жұмыс істей бастайды. Бұл мақсатқа құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен 3 714,5 млн теңге бөлінді. Бұдан басқа, Арқалық ЖЭО-дағы түтін мұржасын қайта жаңарту және іске қосу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда», - деп хабарлады. Д.Асқаров.

Жаңартылған ЖЭО-ны пайдалану алдағы 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына жоспарланғандықтан, Арқалық ЖЭО-ға облыстық бюджеттен 48 мың тоннадан астам көмір сатып алуға 500 млн теңге сомасында қаржы бөлінді.

«Арқалық қаласының әкімдігі «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта құру» жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытылы және сапалы орындау және Арқалық ЖЭО-да іске қосу жұмыстарын жүргізу мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажет», - деп қорытындылады ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар