+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Армения ресейлік КВИ-ге қарсы вакцинаны мол көлемде сатып алуды көздеп отыр

2021 жылғы 7 сәуір 21:22
Бөлісіңіз:
Армения ресейлік КВИ-ге қарсы вакцинаны мол көлемде сатып алуды көздеп отыр

ЕРЕВАН.ҚазАқпарат – Армения ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинаны мол көдемде сатып алудан үмітті. Елге миллионнан астам доза қажет.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында ASHYQ жобасы бойынша тоғыз нысан іске қосылды Қазақстанда 766 614 адамға коронавирус вакцинасы егілді 26 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

7 сәуірде Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян жұмыс сапарымен Ресейге барды. Кремльде РФ Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Никол Пашинян Армения ресейлік вакцинаны көп мөлшерде сатып алудан үмітті екенін айтып, вакцина өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдегенін атап өтті.

«COVID-19 пандемиясына қарсы тұру үшін өте тығыз жұмыс істедік. Біз ресейлік вакцинаның көп мөлшерде сатып аламыз деп үміттенеміз. Өйткені іс жүзінде ол өзінің тиімділігін дәлелдеді. Арменияның бұл вакцинаны сатып алу мүмкіндігі болуы біз үшін өте маңызды»,-деді келіссөздер басталар алдында Никол Пашинян.

Премьер-Министрдің айтуынша, 15 мың доза көлемінде ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы Арменияға ертең келеді. Сонымен қатар, Армения үкіметінің басшысы Арменияға миллионнан астам доза вакцина қажет екенін баса айтты.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министріне ресейліктерге зиян келтірмей, Арменияға қажетті мөлшердегі вакцинаны жіберу мәселесін шешуге уәде берді.

«Бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын. Ресей азаматтарына, ресейлік тұтынушыларға зиян келмейді. Өндіріс көлемін ел ішіндегі қажеттілікпен салыстыруға болады. Сонымен қатар өндіріс көлемі өсіп келеді. Сондықтан біз бұл мәселені талқылайтын боламыз», - деп жауап берді Владимир Путин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT