Арменияда COVID-19 вирусының «Дельта» штамы табылды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда арнайы жүргізілген зертханалық зерттеулерден кейін COVID-19 вирусының «Дельта» штамының циркуляциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған қарай, елдің Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның одан әрі тарауының алдын алуға бағытталған жоба дайындап жатыр. Сондай-ақ елде қазір вирусқа қарсы ванцина салу жұмыстары ынталандырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу мен бақылау жөніндегі ұлттық орталық Армян-Ресей университетімен және ҰҒА-ның Молекулярлық биология институтымен бірлесіп, ПЦР-тесті оң нәтиже берген адамдардан алынған үлгілерге молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізді. Таңдап алынған 30 үлгінің 4-уінен британдық штамм, ал 25-нен «Дельта» штамы табылды»,-делінген Армения денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Осы ретте Арменияның Денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесян Үкімет отырысында ДДСҰ-ның «Дельта» штамы табылған жағдайда вакциналау көрсеткішін 75% жеткізу қажеттігі жөніндегі кеңесін алға тарта отырып, министрліктің елде вакциналау жұмыстарын ынталандыруға бағытталған жоба дайындап жатқанын хабарлады.

Армения денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, министрдің екі бұйрығына түзетулер енгізу туралы бұйрығына қатысты мәселе көтерілді.

«Жобаға сәйкес, мемлекеттік басқару, жергілікті өзін өзі басқару мен өзге де ұйымдардың қызметшілері, сондай-ақ қонақүй қызметін пайдаланатын 18 жасқа дейінгі азаматтар, жасы 18-ден асқан студенттер коронавирусқа қарсы вакцинаны толық қабылдағандығы жөнінде сертификатын, не болмаса әр 14 күн сайын ПЦР-тесттен өткені туралы анықтама көрсетуі керек. Бұл ретте ПЦР-тестті азаматтар өздерінің есебінен өтуі керек»,-делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.


Азамат Әлмағамбетов
Соңғы жаңалықтар