Арнайы операция: Алматыда ер адамнан қару-жарақ арсеналы табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Медеу ауданында қару-жарақ сақтаған ер адамды ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция назарына «Думан» шағынауданында тұратын 27 жастағы жігіт ілінді. Ол адамдарды бопсалағаны үшін бұған дейін де істі болған. Тінту барысында қалтасынан пышақ табылды. Сонымен қатар, күдіктінің «Audі» көлігінен 12 калибрлі екі шолақ мылтық, тегіс ұңғылы мылтық, карабин, 15 оқ-дәрі табылды. Тәркіленген қару-жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптамалық тексеруден соң құралдардың қай жерде шығарылғаны, иесі кім екендігі, қылмысқа қолданылғаны немесе қолданылмағаны анықталады», - деді қалалық Полиция департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар