+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

«АрселорМиттал Теміртау» келтірген шығын 1 млрд теңгеден асады - министрлік

2021 жылғы 16 сәуір 15:00
Бөлісіңіз:
«АрселорМиттал Теміртау» келтірген шығын 1 млрд теңгеден асады - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Биылғы жылдың наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ конверторлық цехында ластаушы заттардың жаппай шығарылу фактісі бойынша осы кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Ақпан айының соңында әлеуметтік желілерде зауыттан қызғылт түтіннің шығып жатқандығы туралы видео пайда болды, ал Қарағанды облысы бойынша экология департаменті атмосфераға ластаушы заттар шығарудың рұқсат етілген нормаларынан елеулі асып кеткендігі тіркелгендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурста министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, тексеру барысында Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің тексеру комиссиясы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорнынан бөлінетін газдарды ұстау және тазарту жүйесін пайдалану қағидалары бұзылғанын анықтады. Тексеру барысында, бұл бұзушылық технологиялық жабдықтың қанағаттанғысыз жай-күйінен туындағаны дәлелденді. Осыған байланысты, №2 конвертер ағымдағы жылдың мамыр айына дейін күрделі жөндеуге тоқтатылды.

Зауытты мұқият тексеру зауыттың сегіз цехы бойынша жүргізілгенін атап өткен жөн. Әр түрлі нормативтердің бұзылуы мен шектен асып кетуі олардың жетеуінде анықталды.

Жоғарыда аталған барлық фактілер мен экологиялық талаптардың тиісінше орындалмауы ҚР Экологиялық кодексінің 69-бабы 3-тармағының бұзылуына әкеп соқты, онда «Табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» делінген.

Бүгінгі күні, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша «Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнына айыппұл салынды. Бұдан басқа, кәсіпорынға сомасы шамамен* 1 млрд. теңгеден асатын залалды өтеу туралы нұсқама жіберілді (* - қазіргі уақытта залалды бағалауды есептеу бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуде).

Табылған бұзушылықтарды жойғанға дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехтарының қызметін тоқтата тұру бүкіл өндірістің тоқтап қалуына әкелетінін атап өту маңызды, өйткені кәсіпорын циклы тұйық болып табылады және қандай да бір цехсыз жұмыс істей алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорынның вице-президенті Виджай Гоял алдағы төрт жылда шығарындылар көлемін кем дегенде 30 пайызға азайтуға, оларды автоматтандыруды қамтамасыз етуге және үш жыл ішінде Теміртау қаласында 500 мың ағаш отырғызуға уәде берген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT