«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апат: Арнайы комиссия құрылды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Ленин атындағы шахтада жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ленин атындағы шахтада болған жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өкілінің төрағалығымен комиссия құрылды, оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс беруші енгізілді. Оқиғаның мән-жайлары мен себептері жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалып, ол туралы қосымша хабарланатын болады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, 13 қаңтарда сағат 21.53-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Ленин атындағы» шахтасында апат болып, бір жұмысшыны іздеп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар