+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Аршалы ауданында су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр

2021 жылғы 16 сәуір 17:13
Бөлісіңіз:
Аршалы ауданында су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында Жібек жолы кентінің айналасына топырақтан тұрғызылған екі шақырымдық бөгетті нығайту жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Аршалы ауданында қандастарға арналған агроқалашық салу қолға алынды Ауғанстандағы су тасқыны: 78 адам қаза тауып, 32 адам із-түссіз жоғалған Қытайдағы нөсер жаңбыр: 70 мың адам қауіпті аймақта қалды

Ведомствоның мәліметінше, бұл жұмыстарға азаматтық қорғаныс полкінің 52859 әскери бөлімі мен Ақмола облысы ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардан 12 адам және 3 эскаватор жұмылдырылған. Сондай-ақ, бес тұрғын үйдің аула аумағында төрт мотопомпамен су сорғызу жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта жағдай толығымен бақылауда. Ағын су штаттық режимде ағызылуда. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар өткен тәулікте Аршалы ауданында 700 текше метр су сорды, 6 550 қап инертті материалға толтырылып, құм салынған 3 200 қап төселді», - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, кеше Аршалы ауданына су тасқынымен күресу үшін Ақмола облысы ТЖД қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ, Қарағанды облысының әскери бөлім қызметкерлері жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT