Аружан Саин жетім балаларды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп қорғамақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында балалар үйінің қызметкерлеріне жалақы артық төленіп келген. Ал Ақмола облысында жетім балаларды тамақтандыруға бөлінген қаражат ұрланған. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар құқығын қорғауға басымдық беріп, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың барлық құқығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік міндеттер мүлтіксіз орындалуы керектігін ескерткен болатын.

Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен бірлесе отырып, өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды және «Qamqor» әлеуметтік жобасына бастау берді.

Мәлім етілгендей, жоба құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, алдын алу шараларын қабылдау үшін балалар құқығын қорғау жүйесіндегі «осал тұстарды» анықтауға бағытталған.

«Мысалы, Батыс Қазақстан облысында балалар үйінің қызметкерлеріне жалақыны артық төлеу және иемденіп алу фактісі тергелуде.

Павлодар облысында 5 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталды. Олар балалар ауылының аумағын абаттандыру жұмыстарына бағытталуы тиіс еді.

Ақмола облысында жетім балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын ұрлау фактісі орын алды.

Бүгінде тәуекелі бар 15 мекеме анықталды және 7 қылмыстық іс тіркелді.

Алдын алу шаралары жалғасуда», - деп толықтырды ҚР ҚМА Баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар