+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Арыс қаласында жарамсыз деп танылған 402 үйдің құрылысы толық аяқталды

2019 жылғы 28 қазан 16:05
Бөлісіңіз:
Арыс қаласында жарамсыз деп танылған 402 үйдің құрылысы толық аяқталды

АРЫС. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арыстықтар қала күнін атап өтті Өмірзақ Шөкеев: 1 қарашаға дейін Арыстағы барлық жұмыс аяқталады Түркістанда Арыстағы құрылыс, жол, кәріз жүйесін жаңарту мәселесі  талқыланды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында Арыстағы жарамсыз деп танылған 402 үйдің құрылысы толық аяқталғаны мәлім болды

Сала мамандарының зерттеу-зерделеу нәтижесінде тұруға жарамсыз деп танылып, күреліп тасталған 72 үй әлі салынып жатыр. Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларына тиесілі бұл нысандарда құрылысшылар екі ауысымдық жұмысқа ауысып, істеуде.

Сондай-ақ, жиналыста облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жүріп жатқан Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарына қатысты ауқымды шаралар талқыланды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаланың аумағын қоқыстан тазарту мен көше бойларын және арық-атыздарды қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке облыстың 16 аудан-қаласынан мыңдаған адам қатысқан.

Осы ретте аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған шараға барлық әкімдік пен басқарма қызметкерлерінің толық атсалысуын тапсырды. Бүгінгі таңда облыс орталығының аумағында әкімшілік тарапынан 50 мыңға жуық көшет отырғызылған. Оларды тұрақты суғарып тұру үшін 268 су ұңғымасын салу көзделген.

Аппарат мәжілісінде сонымен қатар облыстағы ауыл шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы да сөз болды. Соңғы көрсеткіштер бойынша, өңірдегі жалпы өнім көлемінің индексі мен тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлемі, ірі қара мен ұсақ мүйізді мал басының үлесі секілді даму индикаторларының орындалуы барысы сөз болды. Бұл бағытта Түркістан облысы жақсы жетістіктерге қол жеткізген.

Ауыл шаруашылығы негізгі каптиталға тартылған инвестициялардың көлемі жағынан да республика бойынша алғашқы орында.

Жиналысты қортындылаған Өмірзақ Шөкеев жауапты мамандарға мақта құнына байланысты туындаған мәселені тез арада шешуді тапсырды.

Айта кетейік, облыста Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында тұратын 300 мыңнан астам халық мақта шаруашылығымен айналысады. Бүгінде бұл аудандарда 18 мақта өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT