Арыста із-түссіз жоғалып кеткен балалар үйінің тәрбиеленушісі табылды

None
None
АРЫС.ҚазАқпарат –Арыста із-түссіз жоғалып кеткен балалар үйінің тәрбиеленушісі Сарыағаштан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар үйінің қызметкерлері 14 жастағы тәрбиеленушілерінің түстен кейін жоғалып кеткенін хабарлаған.

«Жасөспірімнің жоғалғаны туралы ақпарат түсісімен полицейлер іске кіріскен. Жоғалған баланың жақындары туралы мәліметтерді алып, олардан сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Ол түнгі сағат 01:00-лер шамасында 136 шақырым жердегі Сарыағаш ауданынан табылды»,- делінген хабарламада.

Жағдайдың мән-жайын арнайы мамандар анықтауда.

Соңғы жаңалықтар