+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Арыста жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2019 жылғы 20 қараша 21:45
Бөлісіңіз:
Арыста жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. Қала әкімі Мұрат Қадырбектің төрағалығымен өткен басқосуда қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі мен мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржылардың нысаналы пайдаланылуы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайдағы ХҚО директорының орынбасары пара алу күдігіне ілінді Жемқор қызметшілері үшін басшылар жауап береді – Ернар Баянғазин Қазақстандағы бірқатар әскери қызметші жемқорлық күдігіне ілінді

Отырыс барысында қала басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуын қадағалау керектігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықтан адал қоғам құру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екені белгілі. Ал, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып отырған шаралар, мемлекеттік орган мен оның басшысы жұмысының тиімділігін бағалауда маңызды критерий болып табылады», - деді Мұрат Қадырбек. Комиссия отырысында сондай-ақ, қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысып, баяндама жасады. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Шойнахов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.Ділдәбекова, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Ғ.Садықов, ішкі саясат бөлімінің бас маман-баспасөз хатшысы Ш.Нұртазаевалар күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын атап өтті. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT