+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Арыстықтар қала күнін атап өтті

2019 жылғы 28 қазан 14:56
Бөлісіңіз:
Арыстықтар қала күнін атап өтті

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласының орталығы әл-Фараби алаңында қала күні тойланды. Мерекелік іс-шараға жергілікті билік өкілдері, тұрғындар және арнайы келген қонақтар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Арыс қаласында жарамсыз деп танылған 402 үйдің құрылысы толық аяқталды Өмірзақ Шөкеев: 1 қарашаға дейін Арыстағы барлық жұмыс аяқталады Түркістанда Арыстағы құрылыс, жол, кәріз жүйесін жаңарту мәселесі  талқыланды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл күні жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруге үлес қосқан азаматтарға, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен дала еңбеккерлеріне «Еңбек даңқы» төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ бірқатар тұлға алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, өнер иелері жиналған қауымға ән мен биден шашу шашты. Сондай-ақ Арыс қаласында дәстүрге айналған «Алтын күз – 2019» жәрмеңкесі өтті. «І-Арыс» теміржол вокзалы алдындағы алаңшада шаруалардың өндірген өнімдері арзан бағада халыққа ұсынылып, көрме ұйымдастырылды. «Алтын күз – 2019» жәрмеңкесіне Ақдала, Байырқұм, Жиделі, Дермене, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер өз тауарларын нарықтағыдан 20-30 пайызға төмен бағада ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT