Арзан көлік алмақ болған Ақтөбе тұрғыны жиған-тергенінен айырылды

None
None
АҚТӨБЕ.ҚазАқпарат – Төмен бағамен үш автокөлік алмақ болған ақтөбелік тұрғын алаяққа 2,5 миллионнан аса ақша берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаңтар айының ортасында белгісіз біреу «Нива» маркалы көлік пен «Toyota Camry» маркалы екі автокөлікті нарықтағы бағадан арзан сатамын деп ақтөбелік азаматтан 2,5 млн теңге алған.

Полицейлер жүргізген жедел шара барысында 42 жастағы ер азамат ұсталып, кінәсін мойындады. ҚР ҚК 190 бабы – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды», - деп хабарлады ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.





Соңғы жаңалықтар