Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар – Алматы әкімі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын үйде қалуға және айрықша қажеттілік болмаса көшеге шықпауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеу шараларын күшейту, әсіресе қалада жүріп-тұруды доғару шаралары бәрімізге қатысты. Басты мақсат - ауа-тамшы жолымен берілетін коронавирустың белең алып кетпеуіне тосқауыл қою. Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар. Карантин кезінде оқшауланып, үйіңізде отырсаңыз, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті індетті жұқтырудан сақтайсыз», – деп жазды қала әкіміInstargam –дағы парақшасында.


Соңғы жаңалықтар