Әсет Ерғалиев 7 экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 7 экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 7 өңірде – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді», - деді министр.

Оның айтуынша, 6 көрсеткіш бойынша өсу 9 өңірде байқалуда.

«Олар - Алматы қаласы, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Сонымен қатар, 5 көрсеткіш бойынша оң өсім Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар