+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов ғылыми негізге дайындалған жаңа бағдарламаны таныстырды

2019 жылғы 19 желтоқсан 09:39
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов ғылыми негізге дайындалған жаңа бағдарламаны таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған құжатты бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды Қызылорда облысында білім бөлімінің басшылары вакцина салдырды

«Бүгінгі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсат-міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2020-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарлама жобасы әзірленді. Жаңа бағдарламада бірнеше стратегиялық құжат негізге алынды. Атап айтқанда, Елбасының «100 нақты қадам« ұлт жоспары және «Рухани жаңғыру« бағдарламалары, Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасы, Тамыз кеңесінде, Жолдауда берген білім саласына қатысты тапсырмалары толығымен қамтылды», - деді 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырған министр.

Оның атап өтуінше, бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда қарапайым мұғалімдермен, сарапшылардың қатысумен және Парламент депутаттарымен алдын ала талқыланды. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың өңірлерге сапары аясында да жергілікті жерлердегі мұғалімдермен жан-жақты қарастырылды.

«Осы жобаның тағы бір ерекшелігі, биыл біз PIRLS, PISA, ICILS сияқты 5 халықарлық зертеудің нәтижесін алдық. Осы зерттеулерді қарап, оның талдауларына көз жүгірттік. Тиісті шешімдер қабылдадық. Ең басты мәселелерді және оларды шешу жолдарын ескердік. Осылайша ғылыми негізде дайындалды деп айтуға болады. Жалпы мемлекеттік бағдарлама жобасында 2 мақсат, 11 міндет, 8 индикатор және 39 көрсеткіш көзделген. Басты мақсаттары келесідей: отандық ғылым мен білімнің әлемдік бәсекеге қаблеттілігін арттыру, құндылықтар негізінде тұлғаларды тәрбиелеу мен оқыту, сонымен қатар экономикамыздағы ғылымның үлесін ұлғайту. Бұл мақсатқа жету 5 бағыт пен 11 міндет аясында жүзеге асады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT