+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: ЖОО-лар ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқаруы керек

2021 жылғы 27 қаңтар 12:51
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: ЖОО-лар ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқаруы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары оқу орындары ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқаруы керек. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның бүгінгі жалпы отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ халқының қаһарман перзенті Алматыда Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

«Мемлекет басшысы ғылым саласын дамыту мәселесін ерекше назарда ұстап отырғанын жақсы білесіздер. Ғылымға қаржыландыру жағынан да, басқа мәселелер бойынша да үлкен көмек көрсетіп отыр. Сондықтан біз осы саланы дұрыс игеріп, жолға қойып, жұмысты ашықтық қағидасымен ұйымдастыруымыз керек. Жоғары оқу орындары да осы жұмысқа белсенді түрде араласуға тиіс. Ректорларға да жиналыс кезінде айттым: әр факультетте декандардың ғылым жөніндегі орынбасарлары бар. Кафедра да ғылым бойынша есебін тапсырады. Ғылым жөніндегі проректорлар да бар. Бірақ осының бәрі болғаннан кейін нәтиже де болуы керек қой. Коммерциализация кеңселерін ашып қойдық. Бірақ соның мазмұны қайда? Осы мәселелерге ерекше назар аударып, жоғары оқу орындары осы жұмыстарды белсенді түрде орындауға тиіс», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша, ғылым саласын цифрландыру саласында да мәселелер жоқ емес.

«Бюрократиялық кедергілерді жою керек. Басқару жүйесінде де әртүрлі бюрократиялық кедергі көп. Оны өздеріңіз білесіздер. Біз біразын жойып, алып тастадық. Бірақ десе де әлі бар. Бізге керегі: ғылыммен айналысатын әріптестерімізге тек өз жұмысымен айналысуға жағдай жасау керек. Әртүрлі қағазбастылық, есеп беру дегендердің өзі әрине, үлкен кедергі. Әлбетте, олардың бәрін биыл шешкеніміз жөн», - деді ол.

Министр сонымен қатар ғылым комитетіне кадр даярлау, зертханаларды дамыту мәселелеріне баса назар аударуы керектігін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT