Асхат Садырбай қазақ тіліне немқұрайды қарайтын меморгандар туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейбір мемлекеттік органдар интернет сайттарының қазақша нұсқаларына басымдық бермейді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Асхат Садырбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар интернет сайттарының қазақша нұсқаларына басымдық бермейтінін, тіпті, әлеуметтік желілердегі әлеуметтік желілердегі парақшаларында да қазақша жазуға келгенде құлықты емес екенін көп байқап жүрміз. Кейбір мемлекеттік органдардың домендік атауы мемлекеттік тілде жазылмаған. Одан басқа, еліміздегі әртүрлі ірі халықаралық және жергілікті компаниялардың интернет сайттарынан да, әлеуметтік желілердегі парақшаларында да мемлекеттік тілге жеткілікті көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады», - деді А. Садырбай.

Осы орайда ол интернетке, әртүрлі ақпараттық технологияларға, гаджеттерге тәуелділікті ескере отырып, бұл ерекше көңіл бөлетін жағдай екенін атап өтті.

«Бұл мәселені интернетте «Qazaqsha Jaz» жастар қозғалысының да көтеріп, белсенділік танытып жүргенін атағым келеді.Сондықтан, интернеттегі тіл мәселесіне көңіл бөлініп, мемлекеттік тілге қатысты талап қойылып, әлгі сайттар мемлекеттік тілде де жұмыс істесе тілдің қолдану аясы әлдеқайда кеңейіп, ана тіліміздің дамуына үлкен оң әсерін берер еді», - деді кеңес мүшесі.


Соңғы жаңалықтар