«Ashyq» арқылы бір айда 1 749 науқас анықталған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 сәуірден бері Ashyq қосымшасы арқылы 1 749 - қызыл түсті, 1268 сары түсті мәртебесі бар адам анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Ashyq қосымшасының 13 сәуірге дейінгі жұмыс нәтижелерін жариялады.

«Ashyq қосымшасын 1,1 миллионнан астам пайдаланушы жүктеген. 12 сәуірден бастап 1 749 - қызыл түсті, 1 268 сары түсті статусы бар келуші анықталды. Барлық өңірде жобаға 5 035 қатысушы нысан тіркелді. Қосымшада 1 200 өтініш қаралып жатыр», - деді «Атмаекен» өкілі.

Оның айтуынша, қосымша іске қосылғаннан бері 20 мыңнан астам пайдаланушы өз мәртебесін ashyq.kz веб-сайты арқылы үйден тексеріп, 465 адам қызыл түсті мәртебесін анықтаған.


Соңғы жаңалықтар