«Ashyq» қосымшасы азаматтардың жеке мәліметін жария етпей ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» қосымшасына түскен ақпараттар азаматтардың дербес мәліметінің таралуына түрткі болмай ма? Орталық коммуникациялар қызметінде жоба операторына осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бқл сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жауап берді.

«Ashyq» қосымшасында азаматтардың дербес деректері сақталмайды. «Қызыл» статусы Денсаулық сақтау министрлігінің базасынан алынады. ПТР-тесті ауруды растағанына қарасмастан, қоғамдық орынға келген адамға қабылданатын алгортимді жергілікті атқарушы органдар жақсы біледі. Аталмыш алгоритмдер бойынша адамның дербес деректері ешқайда берілмейді. Тек санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ПТР-тест нәтижесі бойынша адамдарды бақылайды. Жуықта ғана кинотетарға келген екі адамның ПТР-тесті аурду растағаны анықталды. Бизнес нысаны олардың «қызыл» статусы бар екенін айтып кіргізбей қойды. Сондықтан ондай жеке дерекке төнетін қауіп жоқ», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар