+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ashyq қосымшасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілді

2021 жылғы 12 ақпан 15:14
Бөлісіңіз:
Ashyq қосымшасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жобалық кеңсе (Цифрлық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және «Атамекен» ҰКП) Ashyq қосымшасын қолдануға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ashyq талаптарын орындамаған нысандар жобадан шығарылады - ДСМ

Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері әлемдегі бизнес айтарлықтай шектеумен жұмыс істеуге мәжбүр болды, оның салдары кәсіпкерлік қызметтің кірісіне орасан зор шығын келтірді. Мұндай жайт елімізге де қатысты. Отандық бизнестің 13 мыңнан астам субъектісі (боулинг, бильярд, караоке, компьютер клубтары және т.б.) әлі де жұмысын жандандыра алмай жатыр.

Себебі – адамдардың көп уақыт бойы жабық нысанда шоғырлануы, көпшілік жиналған жерде коронавирус инфекциясының таралуының қатері жоғарылайды.

Сонымен қатар демалыс күндері жабылып, эпидахуалға қарай өңірдің сары немесе қызыл аймаққа түсуінде жұмыс уақыты шектеуге мәжбүр бірқатар бизнес түрлері тағы бар.

Жоғарыда аталған бизнес түрлерінің толық жабылуын алдын алу және шектеулерді ішінара алып тастауға балама ретінде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.

Жобалық кеңсе (Цифрлық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және «Атамекен» ҰКП) жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді жалғастыруда.

Бұл шараның халыққа пайдасы қандай?

Қауіпсіздік. Бүгінде кез келген формада (ауру белгілері бар немесе белгілері жоқ) COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, жеке қол қойып қолхат береді.

Алайда көп жағдайда өзін-өзі оқшалау режимі бұзылып жатады. Ауырып қалған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, коронавирустың таралуына себепші болады.

Қосымша осындай келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.

Қосымша қалай жұмыс істейді?

Ashyq мобильді қосымшасы QR кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба жоқ па анықтауға мүмкіндік береді.

Яғни жобаға қатысушы – бизнес субъектісі қолданылып жатқан санитарлық нормалармен (маска, термометрия, бөлмені желдету және т.б.) қоса қосымша бақылау жүргізеді. Келушілер мен персоналдың індетті жұқтырып алу қатері азайғандықтан жоба келешекте бизнес пен халыққа карантин шектеуін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Осы мобильді қосымша кім әзірледі?

Ashyq мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен отандық ІТ-компания әзірлеген.

QR код кімге беріледі – бизнес субъектісіне, әлде келушіге ме?

QR код бизнес субъектілеріне ғана беріледі.

Жүйе адамдардың жүріп-тұруын шектейді ме?

Бүгінде жекелеген қызмет түрлерінің (боулинг, бильярд, караоке, компьютер залдары және т.б.) жұмысына қатысты санитарлық шектеу бар. Бір жылға жуық уақыт бұл нысандар жұмыс істемеді. Сонымен қатар демалыс күндері жұмыс істемейтін және өңір қызыл аймаққа түскенде жұмысы тоқтайтын бірқатар субъектілер (мысалы, фитнес-клубтар) бар.

Ashyq қосымшасы қауіпсіз қызметке жағдай жасау арқылы, керісінше келешекте карантин шектеуін азайту және азаматтардың жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасайды.

Адамдарды байланыссыз термометриямен бақылау практикасы неге жеткіліксіз болды?

Термометрия Covid-19 індетінің ең айқын белгілерінің бірін (дене қызуының көтерілуі) анықтауға көмектеседі. Осы қосымшаны қолдану нысанға келушілер мен персонал қауіпсіздігінің қосымша кепілі.

Қосымшаны қолдану баршаға міндетті бола ма?

Кәсіпкерлерді де, азаматтарды да қосымшаны қолдануға міндеттемейді.

17 қаңтардан бастап пилоттық режимде «Ashyq» қосымшасын бірнеше фитнес клуб, спа орталық, сауна және ресепшіні бар басқа да нысандар қолдана бастады. Пилотқа қатысу ерікті жүргізіледі.

Фитнес орталықтар мен SPA салондарынан басқа нысандар қосымшаны қолдана ала ма?

Әрине қолдана алады, келушілері мен персоналының қауіпсіздігіне алаңдайтын бизнес иелері өз қалауынша қолдана алады.

Жобаға әр түрлі бизнес түрлерінің қатысу алгоритмдері бизнес қоғамдастық және санитарлық дәрігерлермен келісіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде кейбір комментаторлар жазатындай, қосымшаны сауда орталықтары, базарлар, үй жанындағы дүкендер мен қоғамдық көліктерде күшпен қолдану жоспарланбайды.

Қосымшаны қолдану қаншалықты қиын, уақыт көп кте ме?

Нысанға келуші телефонына Ashyq мобильді қосымшасын жүктеп алуы тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ды енгізу керек (1 рет, алдына ала енгізген жөн).

Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін нысанның QR кодын сканерлеу керек. Экранда статус (көк, жасыл, қызыл немесе сары) көрінеді.

Шыға берісте – нысаннан шығуды тіркеу үшін QR кодты сканерлеу керек.

Мобильді қосымша смартфоны жоқ адамдарға кедергі келтіре ме?

Келушінің қолында смартфоны болмаған жағдайда немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады.

Статус түсі нені білдіреді?

Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

Көк статус –ПТР тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ.

Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам.

Қызыл статус– жүріп-тұрудың шектелгенін, Covid-19-ке оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Нысанға келген сайын ПТР тестіні тапсыру қажет пе?

Әрине қажеті жоқ.

Статус қаншалықты ұзақ сақталады?

Барлық статустар уақытша. Жасыл статус – 3 күн, яғни ПТР анықтама жарамдылығына пара пар.

«Қызыл» немесе «сары» – ПТР тестілеу теріс нәтиже көрсеткен бойда және науқас немесе жақын байланысатын адам үшін белгіленген оқшаулау режимінің аяқталғаннан соң алынып тасталады

Осы жоба елде жаппай вакциналаудың басталғанына байланысты ма?

Бұл жобаның КВИ-ға қарсы вакцияналаумен байланысы жоқ.

Бұл жоба басқа ауруларға шалдыққан (ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары), тұмау және т.б.) азаматтарды есепке ала ма?

Жоқ, жоба басқа инфекциялық аурулармен байланысты емес.

QR кодты сауда және ойын-сауық орталығы, дәріханалар, үй жанындағы дүкендерге орнату міндетті бола ма?

Жоқ, егер кәсіпкерлік субъектісі оны өз еркімен орнатқысы келмесе, жобалық кеңсе осы нысандарға қосымшаны орнатуды қарастырмаған.

Нысаннан шығарда QR кодты не үшін сканерлеу керек?

Нысан жұмысының режимін бақылау үшін. Қосымша бір мезгілде нысандағы адам санын (жеке деректерсіз) және жұмыс ету уақытын талдауға бақылауға мүмкіндік береді. Осылайша мониторингтік тексерулерді жүргізу қажеттілігі азаяды.

Әлемде мұндай практика енгізілген елдер бар ма?

Бүгінгі таңда QR кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең таралған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар.

ЖСН бойынша деректер қайда жіберіледі?

Деректер ешқайда жіберілмейді және қосымша профилінде қалады. Енгізілген деректер бойынша QR кодты сканерлеуде пайдаланушы статусын тексеру жүргізіледі.

Пилоттық жобаға қатысушы-кәсіпкер клиенттің «қызыл» статусы туралы СЭҚ қызметіне хабарлауы қажет?

Иә, жергілікті атқарушы органдардың үйлестіру орталықтары және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберуі керек.

Пилоттық жоба бойынша ресми аккаунт құрыла ма, барлық қажетті ақпарат қайда жарияланады?

Қазіргі кезде телеграмда @support_ashyq_bot техникалық қолдау көрсету қызметі іске қосылған. Қосымша таралатын болса басқа арналарды қосу қарастырылып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT