«Ashyq» мобильді қосымшасына қанша қаржы жұмсалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» мобильді қосымшасын әзірлеуге бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ол «Ashyq» мобильді қосымшасын әзірлеуге бизнес бастамашылық жасағанын, сондықтан бюджеттен ешқандай қаражат шығындалмағанын баса атап өтті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов та мобильді қосымшаны әзірлеуге қаражат жұмсалмағанын айтады.
«Жалпы, бұл дақпыртты сейілту қажет. Цифрландыру өнімдерінің өзі қымбатқа түспейді. Бұл отандық өндірушілердің әзірлемесі. Қазақстандық компания «ИнфоҚазақстан» электронды платформасы мен «Ashyq» мобильді қосымшасын әзірлеп шықты. Соған орай бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсалған жоқ», - деді Нариман Әбілшайықов.
- Петропавлда аттракциондар саябағы ашылды
- Таразда 150 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды
- Ақмола облысында ASHYQ жобасы бойынша тоғыз нысан іске қосылды
- Мемлекеттік қарыз бойынша қаражатты игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі - министр
-
Брюссель тұрғындары вакциналауға онлайн жазыла алады
-
Түркістан облысында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 3 650 тұрғын оқытылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам