Ashyq-пен минут сайын елімізде мыңдаған адамның мәртебесі тексеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жобасымен елімізді минут сайын мыңдаған адамның мәртебесі тексеріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq жобасы тиімді. Ол 9 мыңнан астам бизнес субъектісіне пандемия кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. 4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. Елімізде әрбір минут сайын мыңдаған адамның мәртебесі тексеріледі. Дегенмен, жоба кейбір азаматтар өздерінің мәртебесін біле тұра санитарлық талаптарды бұзуын жалғастырып отырғанын көрсетті», - деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Ерал Тоғжановтың айтуынша, 2021 жылдың сәуір айынан бері Аshyq жобасының көмегімен карантин режимін бұзған 9,6 мыңнан астам адам анықталып отыр.

«Олардың жартысы ПТР тестің оң нәтижесі бар адамдар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар