Ashyq жобасы адамдардың еркін жүріп-тұруын шектей ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жобасы адамдардың еркін қозғалысын шектеу ме? Бұл сауалға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті цифрландыру басқармасының басшысы Саян Әбішев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Бас санитар дәрігерінің №67 қаулысына сәйкес, науқас және байланыста болғандар деп бөлінеді. Мәселен, аталған жоба бойынша мәртебе беріледі. Нысанға кірген кезде QR-кодты сканерлейсіз. Сол кезде келушінің мобильді қосымшасында индикатор көрінеді. Қызыл түс - келушінің науқас екенін, сары түс - байланыста болғанын, ал жасыл түс - байланыста болғандар базасында тіркелмегенін білдіреді. Көк түс ПТР зерттеуден өтпегенін көрсетеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Ashyq мобильді қосымшасы адамдардың еркін қозғалысына шектеу қоймайтындығын баса айтты.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық тұрақты даму орталығының ІТ-сәулетшісі, цифрландыру саласының маманы Виталий Пустовойтенко QR-кодтар «ИнфоҚазақстан» электронды платформасында субъектілерге берілетіндігін айтады.

«QR-код әрбір кіріп-шыққан кезге беріледі. Бізде аумағы үлкен, бірнеше кіретін есігі бар бизнес субъектілері бар. Соған орай жүйеде екі QR-код басып шығарылады. Біреуі – кіруге, ал екіншісі - шығуға», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар