Асқар Мамин әкімдерге азық-түлік бағасын тұрақтандыруды ерекше назарда ұстауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономика өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі - шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударсын. Жергілікті бюджет есебінен форвардтық азық-түлік сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды және «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Іскерлік белсенділікті қалпына келтіріп, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияны, әсіресе шикізаттық емес салаларға тарту үшін бірлесіп жұмыс жүргізу қажет. Бұл - қазіргі жағдайда, Үкімет үшін басым міндеттердің бірі болып отыр», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы экономика өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі - шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту екендігін баса айтты.

«Бұл жұмыстың негізгі басымдығы - жұмыспен қамту мен халықтың нақты табысын арттыру болуы тиіс. Сондықтан, өңір басшыларына Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді іске асыруды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар