Асқар Мамин АӨК-тегі Инвестициялық жобаларды іске асыру жол карталарын дайындауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин агроөнеркәсіп кешеніндегі Инвестициялық жобаларды іске асыру жол карталарын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық жобаларды өңірлер бөлінісінде іске асыру бойынша нақты жоспарлар айқындаған. Біздің мақсатымыз – өңірлердің мамандануын ескере отырып және кооперация қағидаттарының негізінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеу бойынша 7 экожүйені құру. Бұл ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант өндірісі», - деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, екі апта мерзімде Инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жол карталарын дайындауды тапсырды.

«Әкімдер ішкі нарықты молықтыру және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін аталған жобаларды іске асыру мәселесін ерекше бақылауға алсын. Біздің агроөнеркәсіптік кешен саласын табысты дамыту мен «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарларымыз осыған байланысты», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар