+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Асқар Мамин экономиканы дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады

2020 жылғы 20 тамыз 15:11
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин экономиканы дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылып жатқан және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының қатысушыларымен кеңес өтті. Шараға Президенттің көмекшісі–ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев және 300-ге жуық маман– менторлар мен өзгеріс менеджерлерінің командалары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жер комиссиясының төртінші отырысында қандай шешімдер қабылданды Күзде Қазақстанның қаржы нарығына кешенді бағалау жүргізілуі мүмкін Киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктеледі

Қатысушы көшбасшылар 11 салалық мемлекеттік саясатта: білім беруде, геологиялық барлауда, сауда және логистикада, өнеркәсіпте, оның ішінде жаңа индустрияда, құрылыста, өңірлік дамуда, денсаулық сақтауда, медиа саласында, ауыл шаруашылығында, туризм мен су ресурстары саласында 37 нақты міндетті шешу үшін қажетті жаңа тәсілдер мен идеяларды таныстырды.

Премьер-Министр Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу Үкіметтің орта мерзімдік перспективаға арналған жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, олар: ұлттық экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру, Қазақстанның аймақтық азық-түлік хабы ретінде қалыптасуы, сапалы инвестицияларды тарту үшін жаңа тәсілдерді әзірлеу, күшті кәсіпкерлік клас құру, қазақстандық экспортты қарқынды ілгерілету, жеделдетілген цифрландыруды қамтамасыз ету, білім беру мен озық ғылымды дамыту, денсаулық сақтау жүйесін нығайту және инфрақұрылымды одан әрі кешенді дамыту.

«Білім беру мен адам дамуына инвестициялар салу – тұрақты әрі ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің негізгі факторы. Әрбір табысты идеяның, практиканың, реформаның артында адам тұр. Сіздердің әрқайсыларыңыздың әлеуетіңіз, кәсіби білімдеріңіз, ең бастысы, Қазақстанның гүлденуіне жеке үлес қосуға деген ниеттеріңіз бар», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы Үкімет мүшелеріне өздерінің салалық командаларымен тұрақты жұмыс кездесулерін өткізуге ерекше назар аударуды және алға қойылған міндеттерді іске асыруға қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

«Ұсыныстарды нақтылап, оларды енгізудің нақты жоспарларын әзірлеу қажет», — деп атап өтті А. Мамин.

Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры бастамашылық етті және ол ҚР Үкіметінің Жобалық офисімен бірлесіп іске асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты - экономиканың негізгі салаларын трансформациялау үшін нақты ұсыныстар әзірлеу. Осы жылдың басында өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша 2 958 үміткердің ішінен үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде жетекші ұлттық және шетелдік ұйымдарда еңбек еткен 230 сарапшы іріктеліп алынды.

Бағдарламаға менторлар ретінде Қазақстанның, АҚШ-тың және Еуропа елдерінің мемлекеттік және жеке секторынан 50-ден астам маман қатысады. Бағдарламаға қатысушылар салалық міндеттерді шеше отырып, еліміздің дамуына үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар тренингтік және коучингтік іс-шараларда өздерінің салалық әрі көшбасшылық біліктіліктерін шыңдайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT