Асқар Мамин «Еңбек» бағдарламасының тиімділігі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасына 649 мың адам қатысты. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні халықтың табысын қамтамасыз ету мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмысен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқытуды қамтамасыз ету, қайтарымсыз гранттар беру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарына жіберу және жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы жұмыспен қамтуға көмектесу іс-шараларын көрсетеді. Айта кетерлігі, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың табысын арттыру үшін аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелерінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 200 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант алуға басым құқық берілген», - деді Үкімет басшысы.

Бұл ретте, оның айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру үшін қатысушыдан қосымша қаржы жинағы талап етілмейді. Сонымен қатар кәсіпкерлікті енді бастағандар және бизнесін жүргізіп жүрген тұлғалардың қызметін кеңейту мақсатында аталған бағдарлама аясында жеңілдетілген шарттармен шағын несиелер беріледі.

«2020 жылы «Еңбек» бағдарламасына 649 мың адам қатысты. Коронавирус инфекцисының таралуына байланысты елде карантин іс-шараларын енгізу Қазақстанның еңбек нарығы үшін ең үлкен сын-тегеурін болғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты өткен жылы Үкімет барлық ресурсы мен мүмкіндігін жұмылдырып, барлық мемлекеттік бағдарлама әлеуетін іске қосты. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жаңа дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, қосымша қаржыландыру арқылы «Еңбек» бағдарламасының әлеуеті кеңейтілді. Жол картасы аясында 2020 жылы 239 мың адам жұмысқа орналасты. Толықтай алғанда, мемлекеттік шаралар 2020 жылы жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз деңгейінде ұстап түруға мүмкіндік берді», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар