Асқар Мамин: Халыққа біздің жұмыстың нақты нәтижесі қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин барлық өңірге тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында елорданың Iqala жобасы үлгісімен тиімді шешімдер енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электрондық форматқа ауыстыру міндетін қойды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда бизнес-процестер айтарлықтай жеңілдетілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс форматы өзгертілді, артық құжаттар талап етілмейтін болды. Мобильді қосымшалармен көрсетілетін қызметтерге сұраныс артты», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қоғамдық мониторинг нәтижесінде электрондық қызметтердің сапасы бойынша ең озық өңірлер Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары болып отыр. Ал Алматы облысы мен Шымкентте бұл жұмыс тиісті деңгейде емес.

«Барлық жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін кемінде 80 пайызға жеткізуі тиіс, ал тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша салада астаналық Iqala жобасы үлгісімен тиімді шешімдер енгізу қажет. Бұл жұмысты белсенді жүргізу қажет. Сондықтан Цифрлық даму және Еңбек министрліктері ұсынып отырған шараларды қолдаймын. Халыққа біздің жұмыстың нақты нәтижесі қажет», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар