Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын салдырды.

Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адамға - бірінші компонент, 1,7 млн-нан астам тұрғынға - екінші компонент егілген.


Соңғы жаңалықтар