Асқар Мамин Тараз қаласында кәріздік тазарту ғимаратын салу жобасына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин Тараз қаласының кәріздік тазарту жүйесін жаңғырту мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министрдің атына жолдаған сауалда «ТҮКШ ҚазОрталығы» АҚ жалпы сомасы 104,3 млрд теңге тұратын 11 жобаның 2 техника-экономикалық негіздемесін әзірлегенін айта келіп, тізімдегі 11 қаланың ішінде 357,7 мың тұрғыны бар Тараз қаласының кірмей қалғанын мәселе етіп көтерген еді. Асқар Мамин өз жауабында Тараз қаласы жобалардың алғашқы пулына енетінін айтып отыр.

«Су секторын реформалағаннан кейін коммуналдық кәсіпорындар орнықты және бюджеттік субсидияларға тәуелсіз ұйымдар ретінде өз әлеуетін іске асыра алады. Бүгінгі таңда жалпы су арналарын басқаруға конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша анықталатын отандық, сондай-ақ халықаралық компаниялар қызығушылық танытып отыр.

Қазіргі уақытта жобалар пулын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Онда Тараз қаласында КТИ жобасын іске асыру бірінші кезектегі жобалардың бірі болады. Бұл шамамен 358 мың адамды ағынды сулардан тазартумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. КТИ жобаларын іске асырудың жоспарланып отырған моделі Қазақстан Республикасын аумақтық дамыту жөніндегі ұлттық жобада бекітіледі», - деді Премьер-Министр.

Дүниежүзілік банк Қазақстанға кәріздік тазарту жүйесін нарықтық қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшуді ұсынып отыр.


Соңғы жаңалықтар