Асқар Мамин: Үкімет Парламентпен үйлесімді жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалған Асқар Мамин Үкіметтің Парламентпен үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істейтіндігіне айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ең алдымен маған көрсеткен сенімдеріңізге алғыс айтамын. Бұл мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Алдымызда Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша үлкен мақсат-міндеттер қойылған. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының басым бағыттарын жариялады. Соның ішінде ең бастысы - халықтың табысын арттыру», - деді Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың келісімімен Үкімет басшысы лауазымына қайта тағайындалған Асқар Мамин.
Үкімет басшысы бұл міндеттерді экономиканы қарқынды дамыту арқылы орындауға болатындығын айтты.
«Осы мақсатта экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инвестициялар тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы да басқа бағыттар бойынша тиімді шаралар іске асырылады. Осы стратегиялық міндеттерді іске асыруда Үкімет Парламентпен бірге үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істейтін болады», - деді Асқар Мамин.
- Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 635 млрд теңге бағытталды
- Зейнетақы жинағын пайдалану: Платформада «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» мүмкіндігі пайда болды
- Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады
- Ақтөбе облыстық қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
-
Ерлан Қарин Ұлттық кеңес отырысында көтерілген ең негізгі бастамаларды атады
-
Ақтөбеде облыстық әкімдіктің аппарат басшысы және Хромтау ауданының әкімі тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам