+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Асқар Мамин жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды

2021 жылғы 18 қаңтар 20:20
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ұжымдарына жаңа тағайындалған министрлер Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкеновты таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде облыстық әкімдіктің аппарат басшысы және Хромтау ауданының әкімі тағайындалды Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болды

Үкімет басшысы бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке, сондай-ақ бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Жаңа ұлттық экономика министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Әсет Ерғалиевтің жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігін атап өтті. Түрлі жылдары ол Еуропа қайта құру және даму банкінде аймақтық бас сарапшы, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ұлттық экономика вице-министрі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарды.


Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Серік Шәпкеновтің Батыс Қазақстан және Атырау облыстары әкімдерінің бірінші орынбасары ретіндегі үлкен тәжірибесін атап өтті. Осы уақытқа дейін С. Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа саясатын іске асыру бойынша алдымызға маңызды міндеттер қойды. Олар экономикалық даму сапасын арттыруға, экономиканың өзіндік жеткіліктілігіне, салық саясатын жетілдіруге, инвестициялар тартуға және экспортты дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтиды», — деді А. Мамин.

Сондай-ақ Премьер-Министр әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша маңызды міндеттер іске асырылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Үкіметтің жаңа құрамы бекітіліп, Серік Шапкенов пен Әсет Ерғалиевтің жаңадан министр болғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT